Меню KDT

logo.jpg?_=1675796622

«Тайынша қаласының № 2 орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Все новости

    Бос лауазымдарға конкурс

    "Тайынша қаласының № 2 орта мектебі" КММ 07.08.2023 ж. бастап 15.08.2023 ж. дейін бос лауазымдарға конкурс жариялайды:

    1. Математика мұғалімі (1 ставка)
    2. Шағын орталық тәрбиешісі (1 ставка)
    3. Педагог-психолог (0,5 ставки)

    • Конкурсты өткізу күні-16.08.2023 ж.
    • Өтетін орны: Тайынша қ. №2 орта мектебі, Карл Маркс көшесі 75.
    • Мектеп сілтемесі: tajynsha2-tay.edu.kz .

     Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық және қағаз нұсқада жібереді:

    1) қағидалардағы 10-ыншы қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

    2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (идентификациялау үшін);

    3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты жері және байланыс телефондары – бар болса);

    4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген қойылатын талаптарға сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;

    5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

    6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 21579 болып тіркелген);

    7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

    8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

    9) педагогтердің білімін бағалау сертификаты (бұдан әрі – ПББ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің; педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

    10) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

    10.07.2023
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Сенім телефоны

    Пайдалы сілтемелер