2025 жылдың 4 қарашысында «Тайынша қаласының №2 жалпыбілім беретін мектебі» КММ-де жалпыұлттық диктант өткізілді. Акцияның мақсаты — мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту, қазақ тілінде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру және тіл мәдениетін арттыру. Іс-шараға мектеп педагогтары қатысып, мемлекеттік тілге деген құрмет пен жоғары азаматтық ұстаным көрсетті.
