2025 жылдың 8 желтоқсанында «Тайынша қаласының № 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де жұмыс жиыны өтті. Жиын дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Жиында оқушылар «Ақбота» республикалық зияткерлік олимпиадасына қатысқаны үшін дипломдармен, сертификаттармен, үстел теннисінен 1,2,3 орын үшін грамоталармен, 5-6 сынып оқушылары футболдан 2 орын алғаны үшін Тайынша ауданы прокурорының грамоталарымен және кубогымен марапатталды.
