2025 жылғы 7 сәуірде «Тайынша қаласының № 2 орта мектебі» КММ-де жұмыс жиыны өтті. Жиын дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Балалар үстел теннисінен 1 орын алғаны үшін грамоталармен және медальдармен, «Құстар біздің досымыз» суреттер байқауы үшін грамоталармен марапатталды.