2025 жылғы 19 ақпанда «Тайынша қаласының №2 орта мектебі» КММ 11 сынып оқушылары Kozybayev University-ге барды. Kozybayev University оқушылар үшін Ашық есік күнін ұйымдастырды, онда оқушылар оқу шарттарымен және ЖОО-ның материалдық-техникалық базасымен танысты. Университет бірқатар білім беру бағдарламаларын ұсынады, соның ішінде 7 факультет: медицина, Агротехнология, Тіл және әдебиет институты, педагогика, инженерия және цифрлық факультет, тарих, экономика және құқық факультеті, математика және жаратылыстану ғылымдары факультеті.
Жоғары сынып оқушылары үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Содан кейін болашақ талапкерлер факультеттермен және ЖОО-да оқу үдерісімен танысты.