2025 жылғы 9 қыркүйекте «Қауіпсіздік қоғамы» профилактикалық іс-шаралары аясында «Тайынша қаласының № 2 орта мектебі» КММ Тайынша станциясының желілік полиция бөлімшесі бастығы полиция капитаны Б.С. Жақыпбеков 5-8 сыныптарда «Сіздің темір жол төсеміндегі қауіпсіздігіңіз» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Дәріс барысында оқушыларға теміржол жолдары арқылы дұрыс өту орындары, Теміржол жолдары аймағында болған кезде қауіпсіздік ережелерінің сақталуы туралы ақпарат берілді.