Тілдер онкүндігі — «Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Тайынша қаласының № 2 орта мектебі» КММ

Тілдер онкүндігі

Жаналықтар
2025 жылғы 5 қыркүйекте «Тайынша қаласының №2 орта мектебі» КММ Қазақстан халқының тілдері күніне орай, қазақтың біртуар перзенті, ұлы ақын, ғұлама ойшыл А. Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді.
Мақсаты: мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту.
Міндеттері:
— диктантқа қатысушыларға мемлекеттік тілде сауатты жазудың маңыздылығына назар аударту, өздерінің сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру;
— ұлы тұлғаларды насихаттау арқылы саналы қоғам қалыптастыруға ықпал ету;
— мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретінде қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға, қоғамдық келісім мен елдің бірлігін нығайтуға ықпалын арттыру.
Достармен бөлісу
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Тайынша қаласының № 2 орта мектебі» КММ