2025 жылдың 18 сәуірінде «Тайынша қаласының № 2 орта мектебі» КММ-де «11-сыныпта ҰБТ және МҚА-ға дайындық» конференциясы өтті, конференцияға пән мұғалімдері, ата-аналар, түлектер және мектеп әкімшілігі қатысты. ҰБТ мен МҚА-ға дайындық бойынша барлық маңызды мәселелер талқыланды. Директордың оқу ісінің жөніндегі орынбасары МҚА және ҰБТ өткізу тәртібімен таныстырды. Кәсіби бағдаршы еліміздің жоғары оқу орнына түсу ережелерімен таныстырды, психолог өз ұсыныстарын берді.