МЕКТЕПКЕ ЖОЛ — «Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Тайынша қаласының № 2 орта мектебі» КММ

МЕКТЕПКЕ ЖОЛ

Жаналықтар

1 тамызда жыл сайынғы республикалық «Мектепке жол» акциясы басталды. Акцияның мақсаты – әлеуметтік жағынан осал отбасы балаларына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға көмек көрсету, балалардың әлеуметтік себептермен мектепке бармауының алдын алу. «Тайынша қаласының N2 орта мектебі» КММ-де осы санаттағы балаларға көмек көрсету жұмыстары жүргізіліп, «Сенім телефоны» ұйымдастырылған. Мектеп әкімшілігі барлық мүдделі азаматтарды акцияға атсалысып, 2025-2026 жаңа оқу жылына дайындық барысында әлеуметтік осал отбасы балаларына көмек көрсетуді сұрайды. Мектептің бірінші қабатында қабылдау пункті орнатылған.

Достармен бөлісу
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Тайынша қаласының № 2 орта мектебі» КММ