2025 жылғы 27 қарашада «Адал Азамат» біртұтас бағдарламасы мен «Шабыт» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында «Тайынша қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 10 сынып оқушыларына «Ерлік сабағы» өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың Отанды қорғауға дайындығын қалыптастыруға ықпал ету, патриотизм сезімін дамыту, өскелең ұрпақ арасында көмекке мұқтаж адамдарға бей-жай қарамау, ержүрек әрекеттер жасау, қиын өмірлік жағдайларды батыл жеңу жағдайлары мысалдарында жауапты азаматтық мінез-құлықтың заманауи үлгілерін қалыптастыру және т. б.
