2025 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Президент Әкімшілігі Басшысының тапсырмасына сәйкес Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған және жауапты мінез-құлықты қалыптастыруға арналған «Тайынша қаласының № 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ -нің 1- 4 сынып оқушыларына жауапкершілік пен қоршаған ортаға қамқорлық мәдениетін қалыптастыруға, заңдарға құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған бейнероликтер ұсынылды. Оқушылар «Нөлдік төзімділік туралы: қоқыс тастамау және көмектесу», «Жолда, үйде және қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау» әлеуметтік роликтерін тамашалады.
