2025 жылғы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Президент Әкімшілігі Басшысының тапсырмасына сәйкес Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған және жауапты мінез-құлықты қалыптастыруға арналған «Тайынша қаласының № 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ -нің 5-11 сынып оқушыларына арналған деректі фильмдер ұсылды. Аталған бейнематериалдар жастар арасында кеңінен таралып отырған келесі әлеуметтік проблемалардың алдын алуға бағытталған: нашақорлыққа қарсы іс-қимыл, алкогольді ішімдіктерді тұтынудың зиянды әсерін түсіндіру, құмар ойындарға (лудоманияға) тәуелділіктің алдын алу, заңсыз қаржылық әрекеттерге, соның ішінде «дропперлікке» қарсы күрес, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, жалпы құқықтық мәдениетті арттыру және жауапкершілікті мінез-құлықты қалыптастыру.
