2026 жылғы 13 қаңтарда «Тайынша қаласының № 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ құқықтық тәртіп ЖМК шеңберінде Тайынша станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Б.С. Жақыпбеков және полиция сержанты А. К. Бидал 2-8 сыныптарда «Сіздің темір жол төсеміндегі қауіпсіздігіңіз» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Дәріс барысында оқушыларға теміржол жолдары арқылы дұрыс өту орындары, Теміржол жолдары аймағында болған кезде қауіпсіздік ережелерінің сақталуы туралы ақпарат берілді.
