Қамқоршылық кеңес — «Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Тайынша қаласының № 2 орта мектебі» КММ

Қамқоршылық кеңес

Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңес:

1) білім беру ұйымының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құқықтарының сақталуына, сондай-ақ білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

2) білім беру ұйымының Жарғысына өзгерістер және / немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлейді;

4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық азаматтардың отбасыларына орналастыру мәселелері бойынша шараларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

5) білім беру ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлуге қатысады және оны мақсатты жұмсау туралы шешім қабылдайды;

6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;

7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңес анықтаған білім беру ұйымының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;

8) орта білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына орналасуға кандидаттармен әңгімелесу қорытындылары бойынша хаттамалық шешімді келіседі және шығарады;

9) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметтерін сапалы ұсыну туралы, қайырымдылық көмекті пайдалану және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық азаматтардың отбасыларына орналастыру бойынша қабылданатын шаралар туралы есептерін тыңдайды;

10) білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;

11) білім беру ұйымының қызметімен, Білім беру ұйымының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне берілген шарттармен танысады, олармен білім беру ұйымы психологының қатысуымен әңгімелесу өткізеді;

Білім беру ұйымдарының қызметкерлері (құрылымдық бөлімшелері) Қамқоршылық Кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат беруге жәрдемдеседі.

 

№ 355 бұйрық. Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Мектептің қамқоршылық кеңесінің құрамы

 

Вольфер Елена Ивановна (қамқоршылық кеңестің төрағасы)

Сельмурзаев Шадид Шахидович

Қалимұрзин Алмаз Қабдоллаұлы

Голубева Татьяна Михайловна

Құсайынов Талғат Сағындықұлы

Кташева Наталья Олеговна

Маметова Анна Михайловна

Зелих Марина Михайловна

Сентюжанова Анастасия Владимировна

Қамқоршылық кеңестің құрамын бекіту туралы бұйрық

Достармен бөлісу
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Тайынша қаласының № 2 орта мектебі» КММ