"Тайынша қаласының № 2 орта мектебі" КММ 07.08.2023 ж. бастап 15.08.2023 ж. дейін бос лауазымдарға конкурс жариялайды:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық және қағаз нұсқада жібереді:
1) қағидалардағы 10-ыншы қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (идентификациялау үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты жері және байланыс телефондары – бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген қойылатын талаптарға сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) педагогтердің білімін бағалау сертификаты (бұдан әрі – ПББ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің; педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.