«Тайынша қаласының № 2 орта мектебі» КММ-де жұмыс жиыны өтті. Жиын дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Оқушылар Наурыз мейрамын тойлау апталығы аясында мектеп іс-шараларына қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды. Сондай-ақ, 7-8 сыныптар арасында үстел теннисінен облыстық ұлттық мектеп лигасында жалпы командалық 1 орын алған оқушылар грамоталармен марапатталды.