2024 жылғы 9 сәуірде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметі аясында "Тайынша қаласының №2 орта мектебі" КММ-де 9 "В" сынып оқушыларының ата-аналары үшін «Күйзелістен шығар жол» тақырыбында сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың стресске қарсы тұру және баласына осындай көмек көрсету қабілетін қалыптастыру.