30.04.2024 ж. «Тайынша қаласының № 2 орта мектебі» КММ-де Қазақстандағы халық бірлігі күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды, жүргізушілер мерекенің тарихы туралы айтып берді, мектеп директорының м.а. С. В. Могульская оқушылар мен әріптестерін келе жатқан мерекемен құттықтады.